Media Image
08.01.2026 102

Атырау университетінде спартакиада ойындары басталды

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер арасында дәстүрлі түрде өтетін   спартакиада жалауын көтерді.

 Бүгін факультеттер арасында баскетболдан жарыстар өтті. Тартысты ойындар барысында командалар жоғары дайындық пен командалық ойын көрсетіп  өзара мықтыны анықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті, Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Инновациялық білім беру факультеті, сондай-ақ Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті жартылай финалға 
жолдама алды.

Финалдық ойындар ертең өтеді. Барша университет ұжымын  қатысушыларға жанкүйер болуға шақырамыз.