Media Image
26.12.2025 201

Құттықтаймыз!

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ұжымына

Басқарма төрағасы – университет ректоры

проф. С.Н. Идрисовке

Құрметті әріптестер! Университет студенттері мен магистранттар!

Құрметті Саламат Нұрмұханүлы!

 

Директорлар кеңесі атынан сіздерді келе жатқан Жаңа 2026 жыл мерекесімен құттықтаймыз!

Университет - ғылыми зерттеулер мен сапалы, жаңа білім, тұлғалар қалыптасатын және ертеңгі күннің негізі қаланатын кеңістік. Әрбір оқытушы, қызметкер және студент биылғы жылдың жарқын және жемісті болуына үлес қосты.

2025 жыл – университет үшін тарихи жыл! Университет өзінің құрылғанына 85 жыл толуын атап өтті. Бұл маңызды мерейтой университеттің даңқты тарихына шолу жасауға, білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесін бағалауға мүмкіндік береді.

Сіздердің кәсіби, адал еңбектеріңіздің және кемелдікке ұмтылуыңыздың арқасында университет өзінің жоғары миссиясын — ғылымға, сапалы білімге,  қоғамға және болашақ ұрпаққа қызмет етуді жалғастыруда.

2026 жыл – биік мақсат,  үлкен жетістіктер, батыл ізденіс-идеялар және сенімді алға жылжу уақыты болады деп ойлаймыз.

Келе жатқан Жаңа жыл жаңа мүмкіндіктер, шабыт пен жетістіктер әкелсін. Университет қабырғасында шығармашылыққа және дамуға ұмтылғандардың еңбектері еселене берсін. Баршаңызға денсаулық, амандық, бейбітшілік және жарқын жетістіктер тілейміз.

Жаңа жыл құтты болсын!

 

Құрметпен,

Директорлар кеңесінің төрағасы Б. Мамраев

 

Астана, 2025 жыл, 26 желтоқсан