Тұрақты даму мақсаттары – бүгінгі талқылау өзегінде
Бүгін Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде халықаралық семинар аясында Тұрақты даму мақсаттары (SDGs) бойынша сабақтар өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – тұрақты даму қағидаттарын жоғары білім беру жүйесіне кеңінен енгізу, университет қауымдастығының бұл бағыттағы рөлін арттыру.
Сабақ барысында спикер Гүлбазар Ақылқызы университеттердің тұрақты даму күн тәртібін институционалдық деңгейде қалыптастырудағы маңызына тоқталып, SDGs-ті білім беру үдерісі, ғылыми зерттеулер және басқару жүйесімен тиімді ұштастыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, халықаралық тәжірибелер мен үздік практикаларға мысалдар келтірілді.
Семинарға қатысушылар тарапынан тұрақты даму мақсаттарын оқу бағдарламаларына енгізу, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және экологиялық сана қалыптастыру мәселелері бойынша өз пікірлерін ортаға салды.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан белсенді сұрақтар қойылып, мазмұнды пікір алмасу өтті.