Media Image
21.12.2025 43

Құттықтаймыз!

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері Өмертаев Бақдаулет пен Ренатқызы Аружанның «Хабар» телеарнасы ұсынған республикалық «Азамат» интеллектуалды пікірсайыс бағдарламасында жеңімпаз атануларымен шын жүректен құттықтаймыз!

Ауқымды тележобаға еліміздің 100 жоғары оқу ордасынан қатысушылар тіркеліп, қатаң іріктеу нәтижесінде негізгі кезеңге 32 команда жолдама алды. Осындай тартысты додада студенттеріміз финалға дейін жетіп, шешуші сайыста Халықаралық Бизнес университетінің студенттері Аязбеков Нұрғиса мен Серікұлы Абдрахманмен бақ сынасты. Нәтижесінде, зияткерлік шеберлік пен дәлелді ойдың арқасында 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, аталған финалдық сайысты университетіміздің ректоры Саламат Нұрмұханұлы университет студенттерімен бірге тамашалап, команданы қолдап, жеңіске деген сенімін білдірді. Бұл — университет басшылығының жастар бастамасына көрсетіп отырған нақты қолдауының айғағы.

Бұл жеңіс — студенттеріміздің жоғары интеллектуалдық дайындығының, азаматтық ұстанымының және университетіміздің сапалы білім беру жүйесінің жарқын көрінісі. Ұлттық арна эфирінен көрсетілетін беделді жобада топ жару — университетіміз үшін республикалық деңгейдегі маңызды жетістік.

Өмертаев Бақдаулет пен Ренатқызы Аружанға алдағы уақытта да толағай табыс, шығармашылық шабыт пен биік белестер тілейміз!
Университет ұжымы сіздердің жетістіктеріңізді зор мақтанышпен атап өтеді!