Hatay Mustafa Kemal University өкілдерімен онлайн кездесу өтті
Кездесуге Басқарма Төрағасы – Ректор Саламат Идрисов, Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Бахыт Алтынбасов, Халықаралық әріптестік және интернационалдандыру кеңсесінің жетекшісі Даулетова Гүлзира, сондай-ақ Көптілді білім беру факультетінің «Шетел тілі: екі шетел тілі» кафедрасының оқытушысы, PhD Әшірханова Қарлығаш қатысты.
Hatay Mustafa Kemal University тарапынан кездесуге ректор Вейсел Эрен, вице-ректор Мехмет Туран, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Бас хатшысы Хусейн Кюршат Түркан, TÖMER орталығы директорының көмекшісі Алп Полат және Erasmus бағдарламасының президенті Омар Ходжа қатысты.
Кездесу барысында тараптар екі университет арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын кеңейту мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар, Erasmus+ бағдарламасы аясында бірлескен жобаларды іске асыру, жазғы мектептер ұйымдастыру, сондай-ақ TÖMER орталығының жұмысын жетілдіру, білім беру бағдарламаларын кеңейту және тәжірибе алмасу мүмкіндіктері жөнінде ұсыныстар айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға онлайн форматта қол қойды.