Media Image
18.12.2025 94

СТУДЕНТТІК СПАРТАКИАДА–2025

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде дәстүрге айналған факультет аралық спартакиаданың жабылу салтанаты өтті. Салтанатты шара барысында жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

Аталған спорттық дода баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, волейбол және кіші аяқ добы сынды спорттың 6 түрі бойынша жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Спартакиада студент жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, достық пен ынтымақты, әділ бәсекені нығайта түсті.

🥇Жалпы есеп бойынша факультет аралық студенттер спартакиадасының қорытындысы:

🥉 III орын – Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті

🥈 II орын – Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті

🥇 I орын – Инновациялық білім беру факультеті

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

Білім мен спортты қатар алып жүрген жастар – ел болашағы. Университетіміз спорт саласында өңірлік, республикалық және халықаралық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Бұл – студенттердің табандылығы мен талантының, сондай-ақ білікті бапкерлер мен профессор-оқытушылар құрамының жүйелі еңбегінің нәтижесі.

 

📷 Дополнительные изображения