Media Image
15.12.2025 144

Ректор Өзбекстан Республикасының елшісі Абдукаримов Жамолиддинхужамен кездесті

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы–ректор Саламат Нұрмұханұлы Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы елшісі Абдукаримов Жамолиддинхужамен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту, академиялық байланыстарды кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

 Қазіргі таңда Өзбекстан Республикасынан келген бірқатар студенттер Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде білім алуда. Бұл – бауырлас халықтар арасындағы сенім мен өзара ықпалдастықтың айқын көрінісі.

Сонымен қатар, Бердах атындағы Қарақалпақстан мемлекеттік университеті мен Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті арасындағы келісім аясында білім мен ғылым бағытында бірқатар жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда.

Алдағы уақытта да Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жоғары білім саласындағы әріптестік жаңа деңгейге көтеріледі деп сенім білдірді қос тарап.