Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы елшісі Абдукаримов Жамолиддинхужа арнайы іс сапармен келді
Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетіне Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы елшісі Абдукаримов Жамолиддинхужа арнайы іс сапар мен келді.
Кездесуді университеттің стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Алтынбасов Бахыт Өмірханұлы жүргізді. Өз сөзінде ол Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы білім беру, ғылым және жастар саясаты бағытындағы өзара ынтымақтастықтың маңыздылығына атап өтті.
Кездесуге университетімізде білім алып жатқан Өзбекстан Республикасының студенттері белсене қатысып, оқу үдерісі, екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық, жастарға арналған мүмкіндіктер мен мәдени байланыстар жөнінде өз сұрақтарын қойды.
Жамолиддинхужа Абдузукурулы студенттердің сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, жастардың білімге ұмтылысы мен халықаралық байланыстарды нығайтудағы рөліне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, мұндай кездесулердің достық қарым-қатынасты дамыту, тәжірибе алмасуға зор ықпал ететіні атап өтті.