Ректор «Рухтастар» сыйлығының иегері Сабрина Ұлымбетованы қабылдады
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенті Сабрина Ұлымбетова Астана қаласында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған республикалық «Рухтастар» сыйлығында «Белсенді Рухтас» номинациясын иеленді.
Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректор Саламат Идрисов жас көшбасшыны жоғары жетістігімен құттықтап, бұл марапаттың студенттердің қоғамдық белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігінің жарқын көрінісі екенін атап өтті. Ректор Сабринаның ел дамуына бағытталған әлеуметтік бастамаларға белсене атсалысуы университет жастарына үлгі екенін жеткізді.
Айта кетейік, биыл бесінші рет ұйымдастырылған республикалық «Рухтастар» сыйлығы - ел дамуына үлес қосып жүрген, белсенді әрі жауапты жастарды қолдауға бағытталған маңызды бастама.