Media Image
15.12.2025 177

Қысқы емтихан сессиясын ұйымдастыру туралы эфир өтті

 

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Асхат Ералыұлы Шүкіров «2025-2026 оқу жылының қысқы емтихан сессиясын ұйымдастыру» тақырыбында университеттің ресми парақшаларында тікелей эфир өткізді.
Онлайн режимдегі сұхбатта Асхат Ералыұлы қысқы сессияның басталу уақыты, ұйымдастырылуы және емтихан барысында студенттерден талап етілетін басты міндеттер жайында баяндады.Тікелей эфирде проректор сессия тапсыру форматтары мен оларды бақылау жөнінде айтты. Сонымен қатар аппеляциялық комиссия жұмысы және студенттердің аппеляциялық құқықтары мен қайта тапсыру мерзімі туралы да ақпарат айтылды.Эфир барысында грант иегерлері үшін шәкіртақы алу үшін шекті балдар нақтыланып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.