Құттықтаймыз!
Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында өткен республикалық форум аясында Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының сеньор-лекторы Тажгарина Бэлла Қанатқалиқызы ғылым саласының өкілдері арасында ұйымдастырылған «Ғылым қайраткері» атты республикалық байқауға қатысып, І дәрежелі дипломмен және «Ғылым қайраткері» марапатымен марапатталды.
Бэлла Қанатқалиқызының табанды еңбегі, терең білімі мен ғылыми ізденістері жас ұрпаққа үлгі болып, отандық ғылымның дамуына сүбелі үлес қосып келеді.
Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, тың ғылыми жаңалықтар мен толағай жетістіктер тілейміз!