Құттықтаймыз!
Құрметті Саламат Нұрмұханұлы!
Құрметті әріптестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік – ел тарихындағы ең қастерлі құндылық, ұлттың еркіндігі мен болашаққа деген сенімінің символы. Осы жылдар ішінде университетіміз білім мен ғылымды дамытуға, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, елдің зияткерлік әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосып келеді. Бұл – сіздердің табанды еңбектеріңіздің, кәсібиліктеріңіз бен отанға деген адалдықтарыңыздың нәтижесі.
Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығын, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз. Егемен еліміз бейбіт, тұрақты болып, университетіміздің абыройы асқақтай берсін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, болашағымыз баянды болсын!
Құрметпен,
Директорлар кеңесінің төрағасы Мамраев Б.