Media Image
12.12.2025 121

Атырау университетінде студенттердің факультетаралық спартакиадасы өтуде

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде дәстүрлі студенттік спартакиада өтуде. Екі аптадан аса уақытқа созылған бәсекеде факультеттердің командалары 7 спорт түрінен бақ сынады. Спартакиада 27 қараша – 2 желтоқсан күндері өткен баскетбол ойындарымен басталды. 3–4 желтоқсанда студенттер тоғызқұмалақ пен үстел теннисінен бақ сынады. 3–8 желтоқсан аралығында волейбол жарыстары ұйымдастырылып, 8 желтоқсанда шахмат турнирі өтті. Сонымен қатар, 10 желтоқсанда армрестлинг сайысы, 8–12 желтоқсан күндері кіші аяқ добынан жарыстар өткізілді. Жарыс қорытындылары: -Баскетбол (қыздар): 1 орын – Инновациялық білім беру факультеті; 2 орын – Экономика және құқық факультеті; 3 орын – Физика-математика және ақпараттық технологиялар факультеті; 4 орын – Гуманитарлық ғылым және өнер факультеті; 5–6 орын – Жаратылыстану ғылымдары факультеті; 5–6 орын – Көптілді білім беру факультеті. -Баскетбол (ұлдар): 1 орын – Инновациялық білім беру факультеті; 2 орын – Экономика және құқық факультеті; 3 орын – Физика-математика және ақпараттық технологиялар факультеті; 4 орын – Жаратылыстану ғылымдары факультеті; 5 орын – Гуманитарлық ғылым және өнер факультеті; 6 орын – Көптілді білім беру факультеті. -Волейбол (ерлер): 1 орын – Инновациялық білім беру факультеті; 2 орын – Физика-математика және ақпараттық технологиялар факультеті; 3 орын – Гуманитарлық ғылым және өнер факультеті; 4 орын – Көптілді білім беру факультеті. 5 орын – Жаратылыстану ғылымдары факультеті; 6 орын – Экономика және құқық факультеті. 🏐Волейбол (қыздар): 1 орын – Инновациялық білім беру факультеті; 2 орын – Физика-математика және ақпараттық технологиялар факультеті; 3 орын – Экономика және құқық факультеті; 4 орын – Гуманитарлық ғылым және өнер факультеті; 5 орын – Көптілді білім беру факультеті; 6 орын – Жаратылыстану ғылымдары факультеті. -Тоғызқұмалақ (қыздар-ұлдар): 1 орын - Инновациялық білім беру факультеті; 2 орын – Физика-математика және ақпараттық технологиялар факультеті; 3 орын – Гуманитарлық ғылым және өнер факультеті; -Үстел теннисі (қыздар-ұлдар): 1 орын - Инновациялық білім беру факультеті; 2 орын – Физика-математика және ақпараттық технологиялар факультеті; 3 орын – Гуманитарлық ғылым және өнер факультеті; -Шахмат (қыздар-ұлдар): 1 орын – Физика-математика және ақпараттық технологиялар факультеті; 2 орын – Экономика және құқық факультеті; 3 орын – Гуманитарлық ғылым және өнер факультеті; Студенттік спартакиаданың жабылу салтанаты 15 желтоқсан күні «Жайық» спорт кешенінде өтеді.