Оқытушылардың цифрлық мүмкіндіктерін кеңейткен ІТ және АІ курсы өз мәресіне жетті
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессор-оқытушылар құрамы “IT және AI оқу үдерісінде қолдану” тақырыбындағы курсты сәтті аяқтап, арнайы сертификаттарға ие болды!
Курсты университеттегі кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру кеңсесі ұйымдастырса, оны “Информатика” кафедрасының сеньор-лекторы, магистр Э.Гайсина өткізді.
Бұл бағдарлама педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттырып, жасанды интеллект пен заманауи IT құралдарын тиімді пайдалануға бағытталған маңызды қадам болды.
Курстан өткен мамандар енді оқу процесін жаңаша форматта ұйымдастырып, студенттерге инновациялық білім беру әдістерін ұсына алады.
Университеттің білім сапасын арттыруға бағытталған мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Жетістікке жеткен әріптестерімізді құттықтаймыз!