28.11.2025 92

Жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға арналған интеллектуалды сайыс өтті

Экономика және құқық факультеті, менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен Мемлекеттік қызмет мектебінің студенттері үшін құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен “Заң мен тәртіп” жобасы аясында «Менің құқығым және міндетім» тақырыбында интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және азаматтық жауапкершілігін нығайту.

Шараға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті, Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті және қалалық прокуратура өкілдері қатысып, өз қызметтері жөнінде ақпарат берді және құқықтық мәселелер бойынша пікір алмасты.

Өткізілген ойын жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, мемлекеттік органдармен тиімді байланыс орнатуға, сондай-ақ мемлекеттік қызмет пен құқық саласына деген қызығушылығын күшейтуге мүмкіндік береді.

#заңментәртіп #заңжәнетәртіп #закониопрядок

📷 Дополнительные изображения