28.11.2025 53

«NCOC – өндірістік процестерінің негізгі аспектілері» атты қонақ дәріс өтті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) компаниясының өкілдері “Таза Қазақстан” акциясы аясында «NCOC – өндірістік процестерінің негізгі аспектілері» атты қонақ дәріс өткізді.

Дәріс барысында спикерлер өз бағыттары бойынша тәжірибелерімен бөлісті:

Сағиден Ербулеков, «Биоалуантүрлілік және қоршаған ортаны зерттеу» тобының жетекшісі – «NCOC кәсіпорнында жүргізілетін экологиялық зерттеулер» тақырыбында;

Асқар Аткин, «Сапаны бақылау» тобының жетекшісі – «NCOC компаниясының дәнекерлеу және бақылау» тақырыбында;

Асет Нұрсеитов, «Мұнай төгілуіне дайындық және әрекет ету» тобының жетекшісі – өндірістік қауіпсіздік бағытындағы жұмыстар туралы;

Алтай Бәкиров, қауіпсіздік инженері – «NCOC компаниясының қауіпсіздігі» тақырыбында баяндама жасады.

Шараға Жаратылыстану ғылымдары факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Студенттер белсенді сұрақтар қойып, Қалдықтарды басқару, Туризм, Химиялық талдау және сараптама мамандықтарының қатысушылары NCOC компаниясы дайындаған арнайы сыйлықтарға ие болды.