Media Image
21.11.2025 54

Атыраулық студенттер “AMANAT CUP” республикалық пікірсайысында жеңіске жетті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің студенттері пікірсайыс турнирінде жеңімпаз атанды! 

Астанада өткен “AMANAT CUP” республикалық пікірсайыс турнирінде Атырау облысының атынан қатысқан “Кассирлер” командасы Студенттік лигада жүлделі ІІІ орынды иеленді! 

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің мақтаныш студенттері — Бермұханбет Нұрханым мен Қайратова Жадыра.

Жеңіске жеткен студенттерді Басқарма төрағасы-ректор Идрисов Саламат арнайы қабылдап, олардың жеңісін жоғары бағалап, алдағы білім бәйгелерінде сәттілік тіледі.