Media Image
20.11.2025 35

“Mr & Ms” атты күзгі бал өтті

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде “Mr & Ms” атты күзгі бал өтті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл шара студенттердің шығармашылық қабілетін және сахналық мәдениетін жаңа қырынан көрсетті.

Кеш барысында әр факультеттен қатысқан жұптар түрлі елдер мен дәуірлерге тән махаббат тарихтарын сахналап, көрерменге ерекше образдар ұсынды. Студенттердің өнері, дайындығы және жан-жақтылығы қазылар алқасы мен көрермендер тарапынан жоғары бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша:

Экономика және құқық, Көптілді білім беру және Инновациялық білім беру факультеттері Алғыс хатқа ие болды.

Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті — 3 орын,

Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті — 2 орын,

Жаратылыстану ғылымдары факультеті — 1 орын иеленді.

Кеш қатысушылары өнер көрсетуде ерекше дайындық пен креативтілік танытып, мерекелік атмосфераны еселей түсті. Шара студенттер арасындағы достықты, бірлікті және белсенділікті арттырды.

📷 Дополнительные изображения