"Білім берудегі IT және AI мүмкіндіктері" атты біліктілікті арттыру курсы өтуде
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру кеңсесінің ұйымдастыруымен педагогтар «IT және AI-ды оқу үдерісінде қолдану» атты біліктілікті арттыру курсын өтіп жатыр.
Курстың мақсаты – педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық құзыреттілігін арттырып, білім беру үдерісіне заманауи IT құралдары мен жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдануды үйретеді. Педагогтарға арналған курс бағдарламасының авторы ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ғалия Салтанова.
Курс барысында тыңдаушылар:
• Canva, Quizizz, Wordwall, LearningApps, Genially, Padlet, Google Jamboard, Miro, Stepik сынды танымал платформалармен жұмыс істеуді;
• Электрондық портфолио құруды;
• Интерактивті тапсырмалар мен кері байланыс құралдарын жасауды;
• Бейнесабақтар әзірлеуді үйреніп жатыр.
Педагогтарға арналған сабақтарды Атырау университетінің информатика кафедрасының тәжірибелі оқытушы-профессорлары өткізіп жатыр, мұнда тыңдаушылар танымал платформалар арқылы жасанды интеллекттің қыр-сырын өз сабақтарына ықпалдастыруды меңгеруде.