Media Image
18.11.2025 51

Заң және тәртіп: ювеналдық полиция өкілдерімен кездесу өтті

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Атырау қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналдық полиция бөлімшесінің аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Сарсенова Динара және полиция капитаны Доскалиев Максим гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу «Заң және тәртіп» жобасы аясында жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті нығайту, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Қонақтар ювеналдық полиция қызметінің негізгі бағыттары, жасөспірімдермен жұмыс жүргізу ерекшеліктері, құқық бұзушылықтың жиі кездесетін түрлері мен олардың салдары туралы жан-жақты ақпарат берді.

Лекция еркін форматта өтті. Студенттер өздерін толғандырған көптеген сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасуға мүмкіндік алды. Интернеттегі құқықтық жауапкершілік, кибербуллинг, түнгі уақытта көшеде жүру ережелері, әкімшілік айыппұлдар, студенттердің қауіпсіздігі, тұрмыстық қатынастардағы құқықтық нормалар, төтенше жағдайларда әрекет ету тәртібі сияқты мәселелер кеңінен талқыланды.