Media Image
17.11.2025 46

Альфия – Азия чемпионы!

Астана қаласында өткен пара дзюдодан Азия чемпионатында ел намысын қорғаған Альфия Тлекқабыл 52 келі салмақ дәрежесінде (J1 санаты) алтын медаль жеңіп алды.

Альфия жарыс барысында жоғары шеберлік көрсетіп, қарсыластарын айқын басымдықпен қапы қалдырды:

1/4 финалда – поляк спортшысы Новиа Ларасатиді,

жартылай финалда – отандасымыз Іңкәр Бауыржанды,

ал финалда – өзбек спортшысы Фотима Тоированы жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Бұл — Альфияның алғашқы ірі жеңісі емес. Ол 2023 жылы да Астанада өткен сары құрлық бәсекесінде 57 келі салмақта чемпион атанған болатын.

Айта кетейік, Альфия Тлекқабыл — Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультетінің 3-курс студенті. Альфияның бұл жеңісі – университет үшін үлкен қуаныш. Өз кезегінде басқарма төрағасы–ректоры Саламат Идрисов Азия чемпионатындағы жарқын жетістігі үшін Альфияны арнайы қабылдап, ыстық ықыласын білдіріп, алдағы додаларға сәттілік тіледі.