Media Image
14.11.2025 41

«Мемлекет пен бизнес үшін жасанды интеллект: мүмкіндіктер мен қауіптер»

Атырау университетінде «Мемлекет пен бизнес үшін жасанды интеллект: мүмкіндіктер мен қауіптер» тақырыбында пікірсайыс өтті.

Экономика және құқық факультетінің «Қаржы және есеп» кафедрасы ұйымдастыруымен «Есепшілер және қаржыгерлер күні» аясында студенттер AI тақырыбын жан-жақты талқылап, өз білімдерін ортаға салды.

Командалар жасанды интеллекттің мемлекет пен бизнеске беретін мүмкіндіктерін және оның заманауи қоғамға төндіретін ықтимал қауіптерін жоғары деңгейде талқылап, өз ұстанымдарын қорғады.