Media Image
14.11.2025 38

“Құқық және кибермәдениет” семинар-тренингі өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында “Құқық және кибермәдениет” семинар-тренингі өтті.

Семинар барысында студенттер онлайн ортадағы құқықтық нормалар, киберқауіпсіздік мәдениеті және өз деректерін қорғау жолдары туралы кеңінен ақпарат алды.

Тренинг спикерлері қатарында Мадина Еркінова — “Еркіндік рухы” жастар комиссиясының жетекшісі, Даурен Мухамбеталиев — Атырау облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны болды.

 Студенттер үшін аса өзекті тақырыптар талқыланып, нақты кейстер мен тәжірибелік кеңестер ұсынылды.

#заңжәнетәртіп #заңментəртіп #законипорядок #алаяқтардытоқтатайық #cybercrimekz