Media Image
14.11.2025 44

“Quiz Time” интеллектуалдық ойыны өтті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті және Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Заң клиникасы қатысушылары арасында “Quiz Time” интеллектуалдық ойыны өтті.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту және командалық жұмыс дағдыларын нығайту болды. Ойын 3 кезеңнен тұрды:

1.Сұрақ-жауап

2.Логикалық тапсырмалар

3.Ситуациялық есептер

Қатысушылар өз білімдері мен жылдамдықтарын жоғары деңгейде көрсете білді. Ойын қорытындысы бойынша:

🥇 1-орын – “Virdict” командасы

🥈 2-орын – “Құқық қорғау” командасы

🥉 3-орын – “ЮрMan” командасы

Сонымен қатар, жоғары белсенділік танытқан “Әділет” және “Юrforce” командалары алғыс хаттармен марапатталды.

Білімді жастар – жарқын болашақтың кепілі!