Media Image
13.11.2025 87

Ұлттық валюта және қаржыгерлер күні құтты болсын!

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы-ректор С.Н.Идрисов Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің күні қарсаңында оқу орнының осы бағытта мамандар даярлап отырған бір топ оқытушы ғалымдары мен қаржы саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

Экономика және құқық факультетіне қарасты Қаржы және есеп кафедрасы батыс аймақтың қаржы-банктік жүйесі үшін жоғары білікті кәсіби мамандарды дайындау мен тәрбиелеуге үлкен үлес қосып келеді. Қазіргі күні кафедра түлектері экономист-ғалымдар, өндірістік ірі ұйымдарда, сонымен қатар банктік және сақтандыру мекемелерінде табысты еңбек етуде.

Сонымен қатар, жоғары оқу орнындағы «көзге көрінбейтін» қаржы саласының мамандары да мекеменің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, экономикалық әлеуетін дамытуда үлкен жұмыс атқарып отыр.

Шарада университеттің Аудит қызметінің жетекшісі Гүлжайнап Телишова және есеп бөлімінің бірқатар қызметкері ҚР Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбектің атынан Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, бір топ оқытушы ғалымдар жемісті еңбектері мен жетістіктері үшін университет ректоры С.Н.Идрисовтың Алғыс хатын иеленді.