Media Image
13.11.2025 89

Республикалық студенттік олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай академик Е.А.Бөкетов атындағы Ұлттық зерттеу университетінің ұйымдастыруымен өткен Республикалық студенттік олимпиада жеңімпаздарын шын жүректен құттықтайды!

Экономика және құқық факультетінің қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының студенттері Сабидулина Айзада, Қуат Дана, Мурзагалиева Аружан олимпиаданың үш кезеңінде өз білімдерін жан-жақты көрсете білді. 

Сайыс жеңімпаздарын университеттің басқарма төрағасы, ректоры Саламат Идрисов қабылдап, арнайы құттықтады.

Студенттеріміздің ғылыми жетекшісі заң ғылымдарының магистрі Тажгарина Бэлла Қанатқалиқызын шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен биік жетістіктер тілейміз!