«Жасанды интеллект арқылы қазақ тілін оқытудағы жаңашыл тенденциялар»
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің көптілді білім беру факультеті қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект арқылы қазақ тілін оқытудағы жаңашыл тенденциялар» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
Шара мақсаты: Қазақ тілін меңгертудің инновациялық жолдарын насихаттау және студенттердің цифрлық сауаттылығын арттыру.
Шара қонақтары Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы А.Б.Ислямова және бас сарапшы Ш.Ж.Темірбаева қатысты. Шара екі бағытта өтті. Алғашқы бөлімде ЖИ-інің қолданудың теориялық негізі бойынша баяндамалар тыңдалды.
1.«Цифрлық қоғамда заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершілік: қауіпсіз интеренттің кепілі» - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ҚХА институты директоры м.а., заң ғылымдарының магистрі Бақытова А.Ж.
2. Al for teachers Simplify first Automate next - Көптілді білім беру факультеті Аударма ісі кафедрасының магистрі Әбілхайр А.М.
3. Қазақ тілі сабағында ЖИ қызметін қолдану тиімділігі - Көптілді білім беру факультеті Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының сеньор-лекторы Тулепбергенова Р.Р.
Шараның екінші бөлімінде 1 аптадан соң практикаға баратын 6В01701-ҚТӘ ББ ІІІ курс студенттері ЖИ-ні қолдануды тәжірибе жүзінде әдістемелік сайыс нәтижесінде көрсетті.
1-кезең: Таныстыру
2-кезең: «Тілді сөйлеткен технология» Ғылыми жоба қорғау. Формат: Презентация
3-кезең: «ЖИ-шебері» шығармашылық бөлімі Цифрлық құрал таныстыру
* ChatGPT, Kahoot, Canva, Google Translate, Voice-to-text құралдарын қолдану
* Қазақ тіліне арналған тапсырма немесе тест үлгісі
4-кезең: «Қазақ тілі және ЖИ» тақырыбында визуалды материал дайындау Интерактивті постер немесе инфографика
Әділ қазылар құрамында болған Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ҚХА институты директоры м.а., заң ғылымдарының магистрі А.Ж.Бақытова, Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті артыру кеңсесінің меңгерушісі, әдіскер-тренер Г.Ж.Нұрсұлтанова, Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті, Бағдарламалық инженерия кафедрасының сеньор-лекторы А.Н.Кубашева 4 кезеңге нақты талдау жасап, бағалады. Нәтижесінде, «Тіл және технология» командасы І дәрежелі, «ЖИ және тіл үйлесімі» ІІ дәрежелі, «ЖИ-лидер» ІІІ дәрежелі, «Инновациялық ой иесі» ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Нәтижесінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті ББ дайындауда кәсібилігімен қатар, цифрлық дағдыларды да жетік меңгеріп, жасанды интеллектіні қолдана білетін мамандар дайындаудағы орны байқалды.
📷 Дополнительные изображения