Media Image
11.11.2025 63

«Атырау облысының жайылымдық жерлерін жақсарту» атты облыстық семинар өтті

Атырау облысының жайылымдық ресурстарын қалпына келтірудің заманауи әдістерін енгізу, ұтымды мал жаю мен биологиялық әртүрлілікті сақтау арқылы олардың тиімді пайдаланылуы мен тұрақты басқарылуын арттыру мақсатында Махамбет ауданы, Сарайшық ауылында «Атырау облысының жайылымдық жерлерін жақсарту» атауында облыстық семинар өтті.

Семинарда университетіміздің профессоры, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Болат Мухамбетов өзінің ғылыми жобасына сай «Изен және қараматау өсімдіктерінің өнімділігі мен өсіру-өндіру технологиясы» тақырыбы аясында баяндама жасады.

Іс-шараны Атырау облысы және Махамбет ауданы әкімдігі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, «Black2Green Sustainable Hub» ЖШС бірлесе ұйымдастырды. Семинарға ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, «АБН-Технологиялар» ЖШС агроном-консультанты Нугманов А.Б., ғалым, агроном Оңғарбеков М.К., Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің доценті, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Булеков Т.А., Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Мырзабаев О.Н., сондай-ақ Атырау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Сағидоллаұлы С.А. қатысып, сала мамандарымен пікір алмасты.

Айтулы семинар облыстың жайылымдық жерлеріне аса қажетті ғылыми технологияларды ғалымдар мен кәсіпкерлердің бірлесіп талқылауына мүмкіндік беріп, биологиялық әртүрлілікті сақтау негізінде тиімді іс-шараларды ұсынуға бағытталды.

Сонымен қатар, семинар барысында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ғылыми-практикалық алаңы таныстырылды.