Media Image
11.11.2025 82

«Махаббат, музыка және бухгалтерлік есеп мәңгілік…»

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Қаржы және есеп» кафедрасының ұйымдастыруымен «Бухгалтерлік есеп және аудит» саласындағы қызметкерлер күніне арналған «Махаббат, музыка және бухгалтерлік есеп мәңгілік…» атты факультетаралық «Quiz» интеллектуалды ойыны өтті.

Әр команда 5 мүшеден тұрды: факультеттің 1 оқытушысы, 3 білім алушы және университеттің 1 бухгалтерия қызметкері.

 Интеллектуалды дода барысында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 6 факультеті бақ сынап, жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

1-орын — «Көптілді білім беру» факультеті

2-орын — «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті

3-орын — «Экономика және құқық» факультеті