Media Image
06.11.2025 48

Халықаралық студенттер күніне орай — зияткерлік дода өтті!

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасы мен Тоғызқұмалақ клубының ұйымдастыруымен дәстүрлі факультетаралық тоғызқұмалақ турнирі ұйымдастырылды.

Бұл турнирдің басты мақсаты — жастардың белсенділігін арттырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту және алдағы үлкен жарыстарға дайындау еді. Мақсат өз нәтижесін беріп, ойыншылардың тартысты ойыны мен жоғары деңгейдегі шеберлігі турнир көркін қыздырды.

Сонымен қатар, үздік ойыншыларға демеуші тарапынан — Бану Гайдардың “Ерке сылқым” сән үйінен 50 000 теңгелік сертификаттар табысталды.

 Жеңімпаздар командасы:

1 орын — Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті;

 2 орын — Инновациялық білім беру факультеті;

3 орын — Көптілді білім беру факультеті.

Барлық қатысушыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!