Atyrau Youth Hackathon жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Atyrau Youth Hackathon жеңімпаздарын құттықтаймыз!
2025 жылдың 4–5 қарашасында Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткен «Atyrau Youth Hackathon» инновациялық идеялар байқауында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің BizAI командасы жеңіске жетіп, 1-орын алды
Жеңімпаздарымыз Физика, математика және қолданбалы технологиялар ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Ғизатов Асылбек Серікұлымен 7М06105-Бағдарламалық инженерия білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Орынбасар Ізбасар Орынбасарұлын шын жүректен құттықтаймыз!
Жоба атауы: DOSMOS – Digital OS for Medical Organizations and Services
Жобаның мәні: Бұл интеллектуалды платформа пациенттің дауыс арқылы айтқан өтінішін автоматты түрде талдап, дәрігердің медициналық өтінімін жасанды интеллект пен үлкен тілдік модельдер негізінде автоматты түрде толтырады.
Жүйе қалай жұмыс істейді: Пациент сөйлейді → жүйе түсінеді → өтінім жасайды → дәрігер тексереді және бекітеді.
DOSMOS жобасының артықшылықтары: дәрігерлердің қағазбастылық жұмысын азайтады; пациент қабылдауын жылдамдатады; медициналық құжаттаманың сапасын арттырады; Damumed, MedElement сияқты медициналық ақпараттық жүйелермен интеграциялана алады
Инновациялық идеяларыңыз табысты жүзеге асып, еліміздің цифрлық медицина саласының дамуына зор үлес қосады деп сенеміз!