Media Image
06.11.2025 82

«Заң мен тәртіп – тұрақтылығымыздың негізі»

 

Ер балалар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңды құрметтеу мен қоғамдық тәртіпті сақтау жауапкершілігін арттыру мақсатында кездесу өтті.

Шара барысында ер азаматқа тән мінез-құлық үлгісі, адамгершілік қасиеттер, өз іс-әрекетіне жауап беру және қоғам алдындағы міндетті сезіне білу тақырыптары қозғалды.

Кездесудің арнайы қонақтары:

 Қуанышкереев Ауез Қуанышкерейұлы — Атырау облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры;

 Кушкалиева Орынгуль Жанталиевна — Атырау облысы Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ЕТЖ аға инспекторы, полиция полковнигі.

Кездесу ер балаларға құқықтық сауаттылық пен азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын ұғындыруға бағытталды.