Тарих пәні мұғалімдері Шахман Нағимовтың дәрісіне қатысты
Атырау қаласына қарасты орта мектептердің тарих пәні мұғалімдері Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің тарихшы ғалымы Шахман Нағимовтың дәрісіне қатысты.
Облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығының тарих пәні әдіскері Нұрлан Насихатұлының айтуынша, педагогтарға авторлық бағдарлама жасақтауда жоғары оқу орны ғалымдарының әдістемелік тәжірибелері көп көмек көрсетеді. Осы орайда, мұғалім ұстаздардың сұранысымен Шахман Нағымұлымен кездесу ұйымдастырылып отыр.
Сол сияқты, Исатай, Индер, Жылыой Құрманғазы аудандарының 15 мұғалімі жақында өткен «Профессор Ш.Нағымов еңбектеріндегі тарих, мәдениет, білім мәселелері және өңірлік зерттеулер» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясына ғылыми еңбектерін ұсынып, сертификаттар иеленген.