Media Image
07.11.2025 64

Тегін құқықтық консультация акциясы өтті

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының жанындағы Заң клиникасы мен Атырау облысы Әділет департаменті бірлесіп тегін құқықтық консультация акциясын өткізді.

Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тегін заңгерлік көмек көрсету және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру болды.

Іс-шараға өңірдің тәжірибелі құқық саласы мамандары қатысты:

• Құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Айгүл Айдынқызы Анжанова;

• Атырау қаласының мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінің басшысы, аға сот орындаушы Гүлбану Нұрланқызы Аманова;

• Құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Нұрлыбек Бақтығалиұлы Бақтығали;

• Атырау облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палата басшысының орынбасары Ерлан Түгелбайұлы Күлшіев;

• Атырау облыстық нотариаттық палатасының жекеше нотариусы Лиза Жасталапқызы Лайкова;

• Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Асан Балғабайұлы Есбосын;

• Атырау облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Қуаныш Бұрқанұлы Хайруллин;

• Сот сараптамалары институты директорының орынбасары Исатай Қалибекұлы Қадырғалиев.

Кеңес алу үшін келген тұрғындар ипотекалық мәселелер, мүгедектік пен оған байланысты жеңілдіктерді алу, алимент өндіру, жерге қатысты құқықтық сұрақтар, сондай-ақ кредит иесін ауыстыру сияқты өзекті тақырыптар бойынша сауалдарын қойды.

Іс-шара барысында мамандар әрбір азаматтың сұрағына жеке назар аударып, нақты құқықтық түсіндірме мен кәсіби кеңес берді. Мұндай шаралар студенттердің тәжірибелік білімін жетілдіріп қана қоймай, өңір тұрғындарының құқықтық мәдениетін арттыруға үлкен үлес қосады.