Меморандумға қол қойды
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы-ректор С.Н.Идрисов пен ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы М.С.Хасенов студенттерге кәсіби білім беру және білікті мамандар даярлау, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Құжат аясында болашақ мамандарды оқу-өндірістік және дипломалды тәжірибемен қамтамсыз ету ғана емес, базалық мекемелермен серіктестіктікті нығайту, нормативтік-құқықтық актілер мен жобаларға құқықтық сараптама жасауды үйрету және басқа да жұмыстар қарастырылған.
Сондай-ақ, тараптар Меморандум аясында «Қылмыстық қауіп пен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау» пилоттық жобасын қолға алды.