Media Image
24.10.2025 48

25 қазан – Республика күні!

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Республика күніне орай мерекелік салтанатты шара өтті.

Мереке барысында ел дамуына, білім мен ғылым саласына және университеттің өркендеуіне зор үлес қосқан профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды.

Атап айтқанда, бірқатар ұстаздар Атырау облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, «Аманат» партиясының төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен, сондай-ақ «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар, үздік қызметкерлерге «Халел Досмұхамедұлы атындағы медаль», университеттің 85 жылдық мерейтойлық естелік медальдары және «Университет дамуына қосқан үлесі үшін» атты Алғыс хаттар табысталды.

Мерекелік жиын аясында университеттің 85 жылдығына арналған «Мен Халелде оқимын» атты эссе, сурет және фотобайқаудың жеңімпаздары да марапатталып, студенттердің шығармашылығына құрмет көрсетілді.