Media Image
24.10.2025 45

“Кітап – рухани қазына”

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Инновациялық білім беру факультеті және Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Кітапханашылар күніне орай “Кітап – рухани қазына” атты мерекелік шара өтті.

Кеш барысында тарих ғылымдарының докторы, профессор Аққали Ахмет кітапқа деген қызығушылықтың маңыздылығын атап өтіп, кітаптың адам өміріндегі рухани және танымдық құндылықтары туралы әсерлі ойларымен бөлісті.

Сондай-ақ, ғылым кандидаты, қауымдастырылған профессор Серік Утепкалиев пен кеш қонағы Фархад Балғожиев те құттықтау сөз сөйлеп, кітапханашыларға шығармашылық шабыт пен табыс тіледі.