Fortebank АҚ ұжымына
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті ұжымы Сіздерге терең ризашылығын білдіреді.
Университеттің 85 жылдық мерейтойы аясында көрсеткен қаржылай қолдауыңыз бен серіктестік ықыласыңыз — білім мен ғылымды дамыту ісіне қосылған зор үлес деп білеміз.
Fortebank компаниясының әлеуметтік жауапкершілікті жоғары деңгейде сезініп, жас ұрпақтың сапалы білім алуына және еліміздің болашағына инвестиция салуы – зор құрметке лайық іс.
Сіздердің қолдауларыңызбен жүзеге асқан игі істер университетіміздің дамуына серпін беріп, студенттер мен оқытушылар қауымының мерейін үстем етті.
Білім мен ғылым жолындағы ортақ ынтымақтастығымыз алдағы уақытта да табысты жалғасын табады деп сенеміз.
Ізгі тілекпен,
Саламат ИДРИСОВ
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің
басқарма төрағасы-ректоры