«Жастар және заң мәдениеті: құқықтық сауаттылық – қоғам тұрақтылығының кепілі»
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 85-жылдығы аясында «Жастар және заң мәдениеті: құқықтық сауаттылық – қоғам тұрақтылығының кепілі» атты кездесу өтті.
Университеттің студенттері, магистранттар және университет профессор-оқытушылары қатысқан шараның қонағы - заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының құрметті академигі, Қазақстанның білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшысы, Қазақстан Жазушылар Одағы Төрағасының кеңесшісі, заңгер-жазушы, Б.Қаратаев атындағы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1995ж.), «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, зимановтанушы Алауханов Есберген Оразұлы.
Кездесу барысында Қазақстанның батыс өңірінен шыққан «Алаш» қайраткерлері, заңгер Бақытжан Қаратаев, Атыраулық танымал академиктер Салық Зиманов, Зейнолла Қабдолов, Елеген Қайыржанов туралы естеліктер айтылды. Сондай-ақ, жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың туындау себептері, салдарлары және оның алдын-алу мәселелері де сөз болды. Цифрландыру дәуіріндегі адам құқықтарының өзекті мәселелері туралы да ғалымның көзқарастары баяндалды.