Media Image
01.10.2025 83

Ақын Қадыр Өтегенұлы Жүсіпке арналған тағылымы мол әдеби-сазды кеш өтті

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күніне орай Көптілді білім беру факультеті мен «Жастар рухы» бөлімшесінің ұйымдастыруымен қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ақын Қадыр Өтегенұлы Жүсіпке арналған тағылымы мол әдеби-сазды кеш өтті.

Кеш барысында студенттер ұстазға арналған жырларын оқып, шәкірттері ақжарма тілектерін білдірді. Сондай-ақ, жастар көкейдегі сұрақтарын қойып, мазмұнды әрі әсерлі сұхбат жүргізді.

Әдебиет пен өмір өрнектері тоғысқан бұл тағылымды басқосу көпшіліктің жүрегіне ерекше жылылық сыйлады.