Media Image
30.09.2025 81

«Экономикалық қылмыстарды тергеу» микробіліктілік курсы басталды

Х. Досмұхамедұлы атындағы Таырау университеті мен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігі бірлескен «Экономикалық қылмыстарды тергеу» микробіліктілік курсы басталды.

Құқық, экономика, қаржы, мемлекеттік қызмет және басқару бағытындағы білім беру бағдарламалары бойынша ниет білдірген студенттер іріктеуден өтіп, курсқа оқуға қабылданды.

Курсты Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы, экономикалық тергеп-тексеру қызметінің полковнигі Бекболат Әнесов жүргізеді.

Экономикалық қылмыстарды тергеу курсы анықтау мен тергеулер жүргізу, сондай-ақ жедел-іздестіру, яғни қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырудың әдістерін нақты кейстік әдіспен оқылады. Дәріс, практикалық модулдерді аяқтаған соң студенттер Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінен практикадан өтеді.