Media Image
05.09.2025 63

«Тіл – бірлік пен руханияттың негізі» атты дөңгелек үстел өтті

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде көптілді білім беру факультетінің ұйымдастыруымен «Тіл – бірлік пен руханияттың негізі» атты дөңгелек үстел өтті.

Бұл күн – қазақ тіл білімінің атасы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келеді. Ғалымның қазақ әліпбиін қалыптастырудағы және ана тіліміздің ғылым мен білімдегі орнын нығайтудағы өлшеусіз еңбегі шара барысында ерекше атап өтілді.

Дөңгелек үстелге профессор-оқытушылар құрамы, студенттер және халықаралық қазақ тілі қоғамының университеттегі мүшелері де қатысты.

Жиында тілдің ұлттық бірлікті сақтаудағы маңызы, рухани даму мен болашаққа бағыт берудегі рөлі жөнінде ой-пікірлер ортаға салынды.

file
file