Media Image
05.09.2025 80

Бірінші  курс студенттері театр өнерпаздарымен кездесті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде бейімделу апталығы аясында бірінші курс студенттері үшін ерекше кездесу ұйымдастырылды.

Бұл шараның мақсаты – студенттерді жаңа ортаға бейімдеп қана қоймай, олардың кәсіби болашағына бағыт беру. Университет табалдырығын енді аттаған жастар үшін табысты тұлғалардың өмірлік тәжірибесін тыңдау – үлкен мүмкіндік болды. 

Жанат Телтаев – Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының бас режиссері өнер жолындағы табандылық пен шығармашылық еркіндіктің маңызын атап өтті.

Бекзада Утешева – «Теңізшевройл» компаниясының ұзақ мерзімді келісімшарттар маманы халықаралық деңгейде жұмыс жасаудың ерекшеліктерімен бөлісті.

Дәулет Ғарифолла – «SM GROUP» компаниясының басшысы жастарды кәсіпкерлік пен көшбасшылыққа батыл қадам жасауға шақырды.

Кездесуге университетіміздің белсенді жастары мен жаңа буын студенттері қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Әңгіме барысында кәсіби даму, көшбасшылық қабілеттер, еңбекқорлық пен табандылықтың рөлі кеңінен талқыланды.

 Шара соңында студенттер мен қонақтар естелік суретке түсіп, әсерлі сәттерді бірге бөлісті.

file
file