Media Image
09.09.2025 230

Атырау университетіне шетелдік ғалымдар келді

Бүгін Басқарма төрағасы – ректоры Саламат Идрисов университетке дәріс оқуға келген шетелдік профессорларды қабылдады. Ғалымдардың бірі Азиядан, екіншісі Еуропа мемлекетінен келген.

Атырауға келген ғалым PhD докторы Мехтиханлы Севиндж – Иран Ислам Республикасындағы Гилян университетінің орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ал гуманитарлық ғылымдар докторы Доминикас Бурба – Литва Республикасының Витаутас университеті тарих кафедрасының профессоры қызметін атқарады.

Кездесу барысында университеттің ғылым мен білім саласындағы басым бағыттары таныстырылып, қос диплом бағдарламасы, академиялық ұтқырлық, тағылымдама және тәжірибеден өту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ шетелдік ғалымдармен бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылды.

Қонақтар Атырау университетінде бір ай көлемінде дәрістер оқып, студенттер мен оқытушыларға семинарлар өткізеді. Бұл өз кезегінде халықаралық әріптестікті дамытуға және ғылыми байланыстарды кеңейтуге жол ашады.

file