Media Image
29.07.2025 47

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Атырау университетінің жұмысымен танысты

Мәжіліс депутаты, “Respublika” партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров Атырау облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында мәжілісмен Атырау университетін де аралап көрді. Ректор Саламат Идрисов жоғары оқу орының жаңа технологияға негізделген материалдық базасын көрсетті.  

Қазіргі таңда университетімізде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қолға алған AI SANA жобасы жүзеге асуда. Бұл бастама аясында университетіміз жасанды интеллект технологияларын білім беру, ғылыми зерттеу және цифрлық трансформация салаларына енгізуді қолға алған.

Осы орайда, ректор алдағы уақытта университет ғалымдарымен бірлесе отыра ауыл шаруашылығы саласында тың өзгерістер жасауға мүмкіндік бар екенін де атап өтті.

Әрі қарай мәжілісмен университет қабырғасында жергілікті шаруалармен кездесті. Жиынға жауапты басқарма басшысы мен ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалық өкілдері қатысты. Бас

қосуда жер телімдері, субсидия мен мал азығы секілді тақырыптар көтерілді. Жиналғандар өздерінің көкейтесті мәселелерін айтып, баса назар аударуды сұрады.  

Еске салайық, осыған дейін мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов Атырау Университетінің ұжымымен кездескен болатын.