Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында «Кітап оқы да, жатақханада тегін тұр» байқауы өтті. Оқырман сайысына жатақханаларда тұратын білім алушылардан 350 дей студент қатысты.
Жастарды ұлттық жобаның марафонына белсене қатысуға ынталандыратын байқау үш кезең тұрады. Алғашқы кезеңде қатысушыларға жоба аясында арнайы таңдалған көркем шығармаларды таңдады. Екінші кезеңде студенттер екі апта бойы белгіленген кітаптарды оқып, шығармалардың мазмұнымен терең танысты. Қорытынды кезеңде оқылған туындылар бойынша тест тапсырмаларын орындап, қатысушылардың білім деңгейі сараланды.
№2 студенттік жатақхананың тұрғындары Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» шығармасы бойынша білімдерін сынады. Нәтижесінде:
I орын – Сабина Есхатқызы;
II орын – Гауһар Мурзаханова;
III орын – Сымбат Сисен;
IV орын – Гүлназым Балуанова.
№1 студенттік жатақхананың студенттері Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы бойынша сынға түсті. Байқау қорытындысы бойынша:
I орын – Арайлым Изгереева;
II орын – Ақжарқын Кенжебайқызы және Нұрай Орынбай;
III орын – Жанерке Жаукен.
Жеңімпаздарға жатақхана төлеміне 5 айға жарамды жеңілдіктер берілді: I орын иегерлеріне – 100%, II орынға – 80%, III орынға – 60%, ал IV орынға – 40% жеңілдік тағайындалды.
Кітап оқып, білімін шыңдап, үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Оқырман студенттердің қатары көбейіп, кітапқа деген сүйіспеншілігі арта берсін!