Медиа ресурстар
АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ
Жаңалықтар

АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Академиялық адалдық лигасына мүше болуына орай университетте әдістемелік семинар өткізілді.

Жиынға факультет декандары, декандардың орынбасарлары, кафедра меңгерушілері және Сапа мониторингі кеңсесінің қызметкерлері қатысты.

Семинарды академиялық мәселелер жөніндегі проректор Жанар Сүлейменова мен Сапа мониторингі кеңсесінің жетекшісі Жанна Қойшығұлова жүргізді.

Кездесу барысында Лигаға мүшелік аясында бекітілген жұмыс жоспарларының орындалу барысы, академиялық адалдық индикаторлары және факультеттердегі сапа комиссияларының қызметі талқыланды. Сонымен қатар белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу, атқарылған жұмыстардың нәтижелерін бағалау және алдағы міндеттерді үйлестіру мәселелері қаралды.

Сондай-ақ білім беру үдерісінде академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, оқытушылар мен білім алушылар арасында академиялық мәдениетті қалыптастыру, ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету бағыттарына назар аударылды.

Семинар қорытындысында алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалып, индикаторлар бойынша жұмысты жүйелі жалғастыру, факультеттердегі сапа комиссияларының қызметін жетілдіру және Лига талаптарын орындау бағытындағы жұмыстарды күшейту жөнінде ұсыныстар айтылды.