Медиа ресурстар
«КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ HR-МЕНЕДЖМЕНТ: ТАБЫСТЫ КОМАНДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ»
Жаңалықтар

«КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ HR-МЕНЕДЖМЕНТ: ТАБЫСТЫ КОМАНДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ»

2026 жылғы 3 қарашада Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Экономика және құқық факультеті, Экономика және менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәсіпкерлік және HR менеджмент: табысты команда құру тәжірибесі» тақырыбында қонақ дәріс өтті.

Дәрістің арнайы қонағы – Атырау қаласына белгілі кәсіпкер, балабақшалардың негізін қалаушы Мақсотова Ғалия Мақсотқызы.

Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың кәсіпкерлік және адами ресурстарды басқару саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, теориялық білімдерін нақты бизнес тәжірибесімен ұштастыру.

Дәріс барысында спикер кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру, бизнесті тиімді басқару, кәсіби команда қалыптастыру, қызметкерлерді іріктеу және ынталандыру бағытындағы тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар HR менеджменттегі көшбасшылық, командалық жұмыс, тиімді коммуникация және басқарушылық шешімдер қабылдаудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіпкерден практикалық кеңестер алды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Экономика және менеджмент кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессоры Р.У. Мугауина және сеньор-лектор А.К. Ермекбаева.

Қонақ дәріс білім алушылардың кәсіпкерлік ойлау қабілетін жетілдіруге, кәсіби дағдыларын дамытуға және бизнес өкілдерімен тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.