Медиа ресурстар
«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» КОНКУРСЫ
Хабарландыру

«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ» КОНКУРСЫ

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті 2026 жылға арналған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) бойынша келесіні хабарлайды.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а.                   2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген. 

Конкурсқа қатысу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлердің құжаттары universitycontest2026.kz сілтемесі бойынша жүйеде (бұдан әрі – жүйе  қабылданады.

Конкурстың I кезеңі 2026 жылғы 5 қарашадан бастап 2026 жылғы                                       18 қараша сағат 18:00-ге дейін жалғасады.

Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін ЖОО-ның штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер жүйе арқылы келесі құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;

2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (нақты мерзімі көрсетілген тармақтарды қоспағанда, соңғы 5 жылдағы мәліметтер(2026, 2025, 2024, 2023, 2022 жж));

3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі (2026-2027 оқу жылы);

4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Конкурстың I кезеңі бойынша апелляция беру мерзімі 2026 жылғы                       19-20 қараша аралығында өткізіледі.

Байқаудың II кезеңі 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы                        12 желтоқсанға дейін жалғасады.

Сонымен қатар, жүйені қолдану бойынша нұсқаулық universitycontest2026.kz сілтемесі бойынша орналасады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда g.zailashova@sci.gov.kz электрондық поштасына жолдауды немесе (87172) 74-22-84 нөміріне хабарласуды сұраймыз.

 

Тіркелген құжаттар

DOC

Письмо по конкурсу ЛП 20261105172232 (4).docx

DOCX