Медиа ресурстар
УНИВЕРСИТЕТТІҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖЕТІСТІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Жаңалықтар

УНИВЕРСИТЕТТІҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖЕТІСТІКТЕРІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде республикалық жұмыс тобының қатысуымен өткен кездесуде оқу орнының академиялық әлеуеті, білім беру көрсеткіштері мен цифрлық бастамалары таныстырылды. Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басымдықтарды түсіндіруге және өңірдің өзекті мәселелерін талқылауға арналды.


Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Асхат Ералыұлы университеттің негізгі көрсеткіштері мен жүзеге асырылып жатқан жобалары жөнінде таныстырылым жасады. Ол оқу орнының «Атамекен» рейтингіндегі нәтижелеріне, Coursera халықаралық білім беру платформасымен ынтымақтастығына, Aisana цифрлық жүйесіне және «Ұстаз мектебі» жобасына тоқталды.


Таныстырылымда білім алушылар контингентінің жалпы көрсеткіштері мен құрылымы да қамтылды. Бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлері бойынша студенттер саны, мемлекеттік грант иегерлері мен шетелдік білім алушылар туралы мәліметтер ұсынылды. Сонымен бірге соңғы он жылдағы студенттер санының өзгеру динамикасы көрсетілді.
Жиын қатысушылары университеттің білім сапасын арттыру, цифрлық мүмкіндіктерді кеңейту және оқу үдерісіне заманауи технологияларды енгізу бағытында атқарып жатқан жұмыстарымен танысты.